Чернобыль апатын жоюға атсалысқандар марапатталды

Атырауда Чернобыль апатын жоюға қатысқандар марапатталды.
Чернобыль атом электр станциясындағы апат өткен ғасырдың ұмытылмас оқиғасына айналды. Оның зардабын жоюға қазақстандықтар да қатысты.
ҚР Төтенше жағдайлар министрі Ю.Ильиннің бұйрығымен бір топ атыраулық азамат «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Оны облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержанов тапсырды.
Марапатталғандар қатарында апат кезінде жанқиярлық қимыл көрсеткен Рысбай Ахметов, Петр Бакиров, Мақсұт Бекбергенов, Серік Мырзағалиев, Қапизолла Мусин, Серік Сүлейменов, Хасан Қараманов бар. Сондай-ақ, көпшілікке Чернобыль апатын жоюға қатысушыларға арналған ескерткіштің жобалық сұлбасы таныстырылды.