Аймақ
Дәрігерлер экс-әріптестерінің сот үкімімен келіспейді
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, облыстық перинаталдық орталығы директорының міндетін уақытша атқарушы Асқар Кенжеғалиев пен аталмыш мекеме қызметкерлері бұрынғы әріптестеріне шыққан сот үкімі тым қатаң деген пікір білдіруде. Медицина қызметкерлерімен Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Айдарбеков және облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова, мәслихат депутаттары кездесіп, талап-тілектерін…
Толығырақ »Теңіз кенішінде карантиндік шектеулер ұзартылды
Атырау облысындағы Теңіз кенішінде карантиндік шектеу шараларының мерзімі ұзартылды. Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысында айтылған. – Теңіз кен орнында карантиндік және шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын, – делінген қаулыда. Сондай-ақ, «Теңізшевройл» ЖШС-ға, Теңіздегі жедел штаб пен мердігерлік ұйымдардың, басқа да кәсіпорындар басшыларына COVID-19 ошақтарын оқшаулау…
Толығырақ »Кеше өңірде 111 адамнан Covid-19 анықталды
Атырау облысында өткен тәулікте 111 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды. Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 29-ы Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 71 жұмысшы, Қызылқоға-2, Жылыой – 2, Құрманғазы – 4, Индер, Исатай, Мақат ауданынан 1 адамнан тіркелді. Covid-19 инфекциясын жұқтырған 26 науқаста ауру симптомды өтуде. Сондай-ақ, кеше коронавирус инфекциясынан 63…
Толығырақ »Облыс әкімі азаматтарды онлайн қабылдады
Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов азаматтарды жеке мәселелері бойынша онлайн форматта қабылдады. Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, облыс әкімі онлайн түрде өткен кезекті қабылдауында өздерін толғандырып жүрген түрлі сауалдары бар оннан астам тұрғынмен байланысқа шықты. Азаматтардың басты көтерген мәселелері баспанамен қамту, одан кейін тұрғын-үй сапасы мен медицина саласына қатысты болды. Жауапты…
Толығырақ »Кассирді тонаған күдікті ұсталды
Облыстық ПД-ның мәліметінше, Атырау қаласы жедел басқару орталығының «102» пультіне Вокзал маңы-5 ықшамауданындағы микронесиелер кеңсесіндегі тонау фактісі туралы хабарлама келіп түскен. Маска киген күдікті касса қызметкерін пышақпен қорқытып, ақшасын ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған. Жедел іздестіру шарасы нәтижесінде Атырау облысы полиция департаменті Криминалдық полиция және Қалалық полиция басқармасы қызметкерлері күдіктіні…
Толығырақ »Айыппұл төлемей жүрген 17 шетелдік көлік жүргізушілері анықталды
Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қаңтар айының 17–19 жұлдызы аралығында қала аумағында ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес, төленбеген айыппұлдары бар 17 автокөлік анықталып, арнаулы тұраққа қойылды. Олардың 16-сы Ресей елінен әкелінген болса, 1 көлік Армения елінен әкелінген. 19 қаңтар күні сағат 02:00 шамасында Абай көшесінде 1992 жылғы азаматтың басқаруындағы Ресейлік «Тoyota…
Толығырақ »Бір күнде автобустар 170 рет заң бұзды
Атырау облысы аумағында 20–22 қаңтар аралығында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның алғашқы күнінде облыс бойынша автобустарға қатысты 170 заңбұзушылық анықталды. Оның 42-сі автобус жүргізушілерінің маневр жасау қағидаларын бұзуы, 38-і рөлде телефонмен сөйлесуі бойынша анықталған заңбұзушылықтар. Және де жылдамдық асырған 8 автобус, міндетті техникалық тексеруден өтпеген 19 автобус жауапкершілікке тартылды.
Толығырақ »Тыныштықты бұзғандар жауапкершілікке тартылды
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл бастала салысымен Атырау қаласы аумағында тыныштықты бұзғаны үшін 60-тан астам тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Мысалы, 18 қаңтар сағат 02:00 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 операторына Махамбет көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде тұратын 31 жастағы әйел қоңырау шалған. Ол пәтеріне таныстарын жинап, алкогольдік…
Толығырақ »«102» операторына 66 мыңнан аса қоңырау түскен
Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен жылы Атырау қаласында «102» операторына 66 324 телефон қоңырауы қабылданған. Оның ішінде 15 693 хабарлама қылмыстар мен оқиғалар туралы. Қылмыстарды ізін суытпай ашу мақсатында, оқиға орнына жедел тергеу тобының уақытылы келуі үнемі бақыланады. Сонымен қатар, тәулік бойы кезекші-инспектор «GPS» (навигатор) электронды картасы арқылы орын…
Толығырақ »Есірткіні насихаттайтын сайттарды жарнамалаған әйел ұсталды
Атырауда полиция қызметкерлері есірткі сайтын жарнамалаған әйелді ұстады. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау қаласында белгісіз біреу тұрғын үйлердің қабырғасы мен қақпасына есірткі және психотроптық заттарды насихаттайтын бірнеше сайттың атауын жарнамалайтын парақтар жапсырған. – Полиция қызметкерлері осы дерекке байланысты жедел іздестіру іс-шарасын жүргізді. Соның нәтижесінде 33 жастағы әйел осы…
Толығырақ »