Облыс әкімі азаматтарды онлайн қабылдады

Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов азаматтарды жеке мәселелері бойынша онлайн форматта қабылдады.

​Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, облыс әкімі онлайн түрде өткен кезекті қабылдауында өздерін толғандырып жүрген түрлі сауалдары бар оннан астам тұрғынмен байланысқа шықты.
Азаматтардың басты көтерген мәселелері баспанамен қамту, одан кейін тұрғын-үй сапасы мен ​медицина саласына қатысты болды.​ ​

​Жауапты сала басшылары баспанамен қамтудың заңдылықтарын​ жан-жақты түсіндірсе, өзге сала жетекшілері тиісті сауалдарға толымды жауап берді.​

Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов азаматтардың өтініш-талаптарын ​жауапты сала басшыларына жан-жақты қарауды тапсырып, көтерілген мәселелер шешім тапқанша өз бақылауында болатынын жеткізді. Сондай-ақ, халықтан түскен сауалдарға барынша шұғыл жауап беріліп, оларды заң шеңберінде шешудің басты міндет екенін ерекше ескертті.