Кеше өңірде 111 адамнан Covid-19 анықталды

Атырау облысында өткен тәулікте 111  адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 29-ы Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 71 жұмысшы,  Қызылқоға-2, Жылыой – 2,  Құрманғазы – 4, Индер, Исатай, Мақат ауданынан 1 адамнан тіркелді.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған 26 науқаста ауру симптомды өтуде.
Сондай-ақ, кеше коронавирус инфекциясынан 63 адам емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 166 адам үй жағдайында емделіп жатса, облыстық инфекциялық стационарда 103
науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда – 41, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 848 адам оқшауланған.
Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы «қызыл аймақта».