«102» операторына 66 мыңнан аса қоңырау түскен

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен жылы Атырау қаласында «102» операторына 66 324 телефон қоңырауы қабылданған. Оның ішінде 15 693 хабарлама қылмыстар мен оқиғалар туралы.
Қылмыстарды ізін суытпай ашу мақсатында, оқиға орнына жедел тергеу тобының уақытылы келуі үнемі бақыланады. Сонымен қатар, тәулік бойы  кезекші-инспектор «GPS» (навигатор) электронды картасы арқылы орын алған қылмыстар бойынша бағыттамаларды дереу хабарлап отырады.
Атырау қаласы ПБ Жедел басқару орталығының кезекші-инспекторлары қала көшелерінде орнатылған бейнебақылау камералаларының көмегімен ізін суытпай 277 қылмысты ашқан. Сондай-ақ, осы  камералар арқылы 16 653 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, хаттамалар жасақталған.