Ұлттық банкте жаңа комитет құрылды

ҚР Ұлттық банкінде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 2 қаңтардағы ҚР Заңына сәйкес Ұлттық Банкте ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет құрылды.

ҚР Ұлттық Банкі ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы тапсырмасына сәйкес құрылды. Бұл Комитет Ұлттық Банктің Басқармасымен және Директорлар кеңесімен қоса жұмыс атқарып жүрген қызметкерлерден тұратын үшінші орган болады.

– Ақша-кредит саясаты комитетінің құзыретіне базалық мөлшерлеме туралы шешімдер қабылдау, ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша пайыздық мөлшерлемені белгілеу кіреді. Сондай-ақ, Ұлттық Банк Басқармасының айрықша құзыретіне кірмейтін ақша-кредит саясатының басқа мәселелері бойынша шешім қабылдау кіреді. Орта мерзімді перспективада Комитет құрамына макроэкономика мен ақша-кредит саясатында мамандандырылған және мол тәжірибесі бар тәуелсіз мүшелер алынады. Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеттің құрылуы инфляцияға бағытталған елдердің үздік тәжірибелеріне сәйкес келеді және ақша-кредит саясаты шешімдерінің тиімділігі мен ашықтығын арттырады, – деді Ұлттық банктің баспасөз қызметі.