Тыныштықты бұзғандар жауапкершілікке тартылды

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл бастала салысымен Атырау қаласы аумағында тыныштықты бұзғаны үшін 60-тан астам тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Мысалы, 18 қаңтар сағат 02:00 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 операторына Махамбет көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде тұратын 31 жастағы әйел қоңырау шалған. Ол пәтеріне таныстарын жинап, алкогольдік ішімдік ішіп, түнгі тыныштықты бұзып жатқан көршісі жөнінде хабарлама берді.
Хабарлама берген жерге келген полиция қызметкерлері аталған деректі растап, тыныштықты бұзған бір әйел мен екі ер азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабының 1-бөлімімен әкімшілік хаттама жасақтап, әрқайсысына 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салған. Сондай-ақ, аталған үйдің тұрғындарының барлығымен  тыныштықты сақтап, көршілерге сыйластықпен қарау қажеттігі туралы профилактикалық сұхбат жүргізілді.

Ал өткен жылы дәл осындай құқықбұзушылық жасаған 580-ге жуық адам жауапкершілікке тартылған.