Биыл Атырауда 10 913 сәби дүниеге келген
Атырау облысында соңғы сегіз айдағы көрсеткіш бойынша 10913 бала дүниеге келген. Ал Атырау қаласы бойынша жыл басынын бері 9 052 нәресте дүние есігін ашқан. Аудан арасында 1 014 сәбимен Жылыой ауданы алдыңғы орында. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасай отырып БАТЫС.ИНФО хабарлайды.
Сондай-ақ, Құрманғазы ауданында 324, Мақатта 165, Индерде 163, Қызылқоғада 89, Махамбетте 68, Исатай ауданында 38 сәбидің өмірге келуі тіркелген.
Еске салайық, Қазақстан халқының саны 2023 жылғы 1 шілдедегі дерек бойынша 19 899 377 адамға жеткен. Ал өңірде 699,8 мың халық болса, оның ішінде Атырау қаласында 387,9 мың тұрғын бар. Пайызға шаққанда қалалықтар 55,4, ауылдықтар 44,6 пайызды құрайды.
Айта кетейік, 2022 жылы облыс бойынша 11 133 сәби өмірге келген еді.