Өңір басшысы кинорежиссер Тимур Бекмамбетовпен кездесті
Кездесу барысында цифрлық креативті индустрияны дамыту, сала мамандарын дайындау, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру, қаладағы ескі ғимараттарды қайта жаңғырту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Тимур Бекмамбетов креативті индустрияны дамыту үшін сала мамандарын даярлау жобасымен таныстырды. Сондай-ақ, қала тұрғындары және әкімшілік қызметкерлерімен пікір алмасып, қаланың жайлылығын дамыту бойынша ұсыныстар берді.
Жиында аймақ басшысы Серік Шәпкенов Голливудты бағындырған атыраулық кинорежиссерге ілтипат білдіре отырып, облыстың мәдениет саласын дамытуға бағытталған жұмыстарға қажетті қолдау көрсететінін айтты.
Сонымен қатар, жиын аясында облыста жүзеге асатын жобаларға жауапты басшы ретінде облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев бекітілді.