Халық биліктен көпір салуын талап етті
Кеше Алматы облысында автобусқа жолаушылар пойызы соқтығысқан апат орын алды. Нәтижесінде, автобус жүргізушісі сол жерде қаза болып, тағы бірнеше адам ауыр жарақат алған.
Автобус тыйым салынған дыбыстық белгіге қарамастан теміржолды кесіп өтпек болған. Алайда көлік кептелісі алға жылжуына кедергі келтіріп, оған Қостанай-Алматы бағытындағы жолаушылар пойызы соқтығысқан.
Куәгерлердің айтуынша, автобус жүргізушісі апат болғаға дейін жолаушылардың бәрін көліктен шығарып, өзінің өмірін сақтап қалуға үлгермеген.
Марқұм болған ер адамның артында жары, 4 баласы қалды.
Кеше кешкісін жергілікті халық биліктен апат болған жерге көпір салып беруін талап еткен жиын ұйымдастырды. Олардың айтуынша, бұл мәселе осыған дейін де сан мәрте көтерілгенмен, еш нәтиже шықпаған.