Тоқаев көңіл айтты
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Алматы облысындағы автобус пен пойыздың соқтығысынан қайтыс болған жүргізушінің туған-туыстарына көңіл айтып, тергеу жұмыстары басталғанын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Алматы облысының Шамалған стансасында автобусқа жолаушылар пойызы соқтығысып, салдарынан 1 адам көз жұмған еді. Жарақат алғандар да бар.