Аймақ - Спорт - 16.09.2019

Азия чемпионатынан — 10 медаль

Үндістанның астанасы Дели қаласында самбо күресінен құрлық чемпионаты мәресіне жетті. Соңғы жарыс күні де атыраулық спортшылар үшін табысты болды.

Жауынгерлік самбо бойынша 52 келі салмақта Еркебұлан Қуанғалиев жеңіске жетіп, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады. Ал әйелдер арасында Қалжан Тайжанова аса ауыр салмақта үздік атанып, өзінің бесінші Азия чемпионатында жеңіске жетті.

Спорттық самбо бойынша ересектер арасында 62 келі салмақта Парасат Жұмабай мен жасөспірімдер арасында 48 келі салмақта Сырым Байғалиев күміс жүлдеге ие болды.

Осылайша Азия чемпионатының қорытындысы бойынша, атыраулық спортшылар 6 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль еншіледі.