Атырауда бір тәулікте 110 адамнан коронавирус анықталды
1 160 адам амбулаторлық жағдайда емделуде. Бұл туралы Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Соңғы тәулікте Атырау қаласында 75, ал скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнынан 5 науқастан қауіпті індет анықталды. Сондай-ақ, Жылыой ауданының 13, Индер ауданының 2, Қызылқоға ауданының 3, Құрманғазы ауданының 7, Мақат ауданының 2, Махамбет ауданының 3 тұрғынында коронавирус расталған.
Коронавирустық инфекциясы бар 60 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 153 адам емделіп шықты. Қазіргі уақытта 1160 адам үй жағдайында, 180 — модульдік ауруханада, 101 — екінші облыстық ауруханада, 98 — фтизиопульмалогиялық орталықта, 162-аудандық инфекциялық стационарларда ем алуда. Ал, Теңізкен орнындағы инфекциялық стационарда 114 науқас дәрігер бақылауында.
Айта кетейік, Атырау облысы коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта қалып отыр.