Наурыздан бастап карантин жеңілдемек
1 наурыздан бастап Қазақстанда карантин талаптары жеңілдейді. Жағымды жаңалықты Facebook парақшасы арқылы Атамекен ҰКП төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева хабарлады.
– Жақсы жаңалық! Ведомствоаралық комиссияның отырысында коронавирустың таралу қарқынының төмендеуіне байланысты «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының бірқатар ұсынысы қабылданды, – деп жазды палата төрағасының орынбасары.
Оның сөзінше, 1 наурыздан бастап рұқсат етіледі:
Жасыл аймақта:
1) жанкүйерлер қатысатын спорт жарыстары (қатысушылар саны талқыланып жатыр);
2) 50 адамға арналған еске алу асы (залдың 30% ғана толтыра отырып);
3) бильярд қызметі;
4) ғимараттардағы балаларға арналған ойын-сауық клубтарына;
5) цирктарға;
Сары аймақта:
1) боулинг қызметі;
2) компьютер клубтарының қызметі;
3) фитнес-орталықтар, бассейндер – жасыл және сары аймақтар үшін жұмыс істеуге рұқсат етілді.
Базарлар мен сауда, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері жексенбі күні де жұмыс істей алады.
– Жалпы алғанда санитарлық талаптарды сақтай отырып, бизнестің жабық нысандарының да жұмыс істеуіне рұқсат етуге болады деген түсіністік бар, – деп жазды палата өкілі.