Балық шаруашылығын дамытуға арналған жобалар көбеюде
Бұл жөнінде Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстар есебін беру кезінде айтты.
– Қазіргі таңда ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне 8 жоба ұсынылды. Олардың қатарында тоған шаруашылығы бағытындағы 6 жоба, балық өсіру шаруашылығы және балық өсіру зауытын кеңейту жобасы бар, – деп нақтылады аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.
Атап өту керек, былтыр облыста 11 мың 600 тонна балық ауланды. Оның 11 мың тоннасы өңделіп, 98 пайызы шетелдерге экспортталды. Аталған салада 4 800 адам еңбек етуде.