Атыраулықтарды алдаған адам ұсталды
Өскемен қаласының тұрғыны 13 атыраулықты алдап ақша алған.
Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Anti-fraud» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде Шығыс Қазақстан облысының 26 жастағы тұрғыны ұсталған.
– Ол Атырау қаласының тұрғындарын «Яндекс такси» қосымшасы арқылы азық-түлік жеткіземін деген сылтаумен алдап, алаяқтық жолмен ақшаларын иемденген. Бүгінде күдіктінің интернет-алаяқтықтың 13 эпизодына қатысы бар екені дәлелденді. Оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы, 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.