Атыраулықтарды алдаған адам ұсталды

Өскемен қаласының тұрғыны 13 атыраулықты алдап ақша алған.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Anti-fraud» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде Шығыс Қазақстан облысының 26 жастағы тұрғыны ұсталған.

– Ол Атырау қаласының тұрғындарын «Яндекс такси» қосымшасы арқылы азық-түлік жеткіземін деген сылтаумен  алдап, алаяқтық жолмен ақшаларын иемденген. Бүгінде күдіктінің интернет-алаяқтықтың 13 эпизодына қатысы бар екені дәлелденді. Оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы, 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.