Хабар-ошарсыз кеткен 7 жасөспірім үйлеріне жеткізілді
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 1–5 қаңтар аралығында Атырау қалалық Полиция басқармасының 102 операторына жасөспірімдердің өздерінің тұрғын-жайларынан хабар-ошарсыз кеткені жөнінде жеті хабарлама түскен.
Мысалы, 4 қаңтар күні сағат 00:30 шамасында 10 жастағы жасөспірім анасымен сөзге келіп, үйінен шығып кеткен. Ол көршісінің үйінен табылды.
Және сол күні сағат 23:00 шамасында 14 жастағы жасөспірім анасымен ренжісіп үйінен шығып, көпірге қарай бағыт алған. Жасөспірімді полиция қызметкерлері тауып, отбасына жеткізді.
Аталған жеткіншектердің ата-аналарына қатысты, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлімімен әкімшілік хаттамалар толтырылып, ескерту берілді.
Айта кетсек, көп жағдайда жасөспірімдер үйінің алдынан шығып кетіп, өзінің аумағынан алшақтап кетіп адасып қалса, кейбірі ата-аналарымен сөзге келіп, тұрғылықты мекенжайынан шығып кетеді. Жеткіншектердің барлығы полиция қызметкерлерінің іздеуінің нәтижесінде 2–3 сағат аралығында табылып, ата-аналарына табысталды.