Құрманғазы ауылдарына жолдар салынуда

Биыл Құрманғазы ауданының Котяевка, Бірлік, Теңіз ауылдарына кірме және ауылішілік автомобиль  жолдары салынып, пайдалануға берілді. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады.

– Қазіргі уақытта Сафон, Ақкөл ауылдарының кірме және ауылішілік автомобиль жолдары салынуда. Бұл жұмыстар 2021 жылы аяқталады деп күтілуде. Бұдан бөлек, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы негізінде Нұржау ауылының кірме және ауылішілік автомобиль жолдарын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жол құрылысының аяқталу мерзімі – 2021 жыл, – деді Құрманғазы ауданы әкімі Қайрат Нұртаев.