Әуежайда оқу-жаттығулар өткізілді

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі О. Бержановтың басшылығымен Атырау қаласының Хиуаз Доспанова атындағы халықаралық әуежайда гарнизондық өрт-тактикалық жаттығу өткізілді.

Гарнизондық өрт-тактикалық жаттығудың мақсаты – ұшақтардың әуежайға кону кезінде Атырау қаласы Өрт сөндіру бөлімшелері мен әуежай аумағындағы құтқару қызметтерінің өзара іс-қимылдарын одан әрі арттыру.
Оқу-жаттығу кезінде әуежайда авариялық түрде қонған ұшақтағы өртті сөндіру қарастырылды.
Оқу-жаттығуға «Атма Аэропорт» АҚ, «Атырау қаласының Хиуаз Доспанова атындағы халықаралық әуежайы» АҚ және Атырау облысы ТЖД-ның күштер мен құралдары жұмылдырылды.
Бөлімшелер алдына қойылған міндеттерді ойдағыдай орындап, нәтижесінде шартты өртті дер кезінде сөндірді.
Оқу-жаттығу барысында әуежай қызметтері мен өзара іс-қимыл жасайтын қызметтерді хабардар ету, авариялық жағдай орнына келу және ілесіп жүру мәселелері пысықталды.
Сонымен қатар, Атырау облысы аумағында «Казаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалы «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамымен бірлесіп «МИ-8» тікұшағымен апатқа ұшыраған әуе кемелерінің жолаушыларын және экипажды құтқаруды іздестіру бойынша Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушыларының қатысуымен жаттығу өткізілді.
Жаттығудың шарты бойынша Атырау қаласының әуежайынан ұшып шыққан ұшақтың әуеде автоматикалық ақаулығы салдарынан қозғалтқышы істен шығып апатқа ұшыраған.
«Казаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының диспетчерлік қызметі Атырау облысы ТЖД-ның Дағдарыс жағдайларында басқармасынының жедел кезекшісіне болған жағдай туралы хабарлайды.
«Казаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалымен ұшақтың соңғы координаттары анықталып, оқиға орнына  «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамы филиалының  «МИ-8» тікұшағымен «Атма Аэропорт» АҚ, «Атырау қаласының Хиуаз Доспанова атындағы халықаралық әуежайы» АҚ, Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жеткізіліп, шартты түрде құтқару жұмыстарын жүргізді.
Жаттығулар соңынан жауапты қызметкерлердің қатысуымен жаттығуға талқылау жүргізіп орын алған кемшіліктер бойынша тиісті тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.
Алдаға уақытта мұндай оқу жаттығулар үнемі жүргізіліп тұрмақ.