Білім министрі КВИ-ға қарсы отандық вакцинаны салдырды
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавирус індетіне қарсы әзірленген отандық вакцинаны салдырды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Асхат Аймағамбетов вакцинаға қатысты өз пікірін айтты.
Оның айтуынша, ол екпенің клиникаға дейінгі зерттелу нәтижесін күнделікті алып тұрған және сараптамалардың нәтижесі мен тиімділігін көріп, отандық вакцинаны салдырған.
– Одан бері біраз уақыт өтті. Өзімді жақсы сезініп жүрмін, ешқандай катаралдық белгілер байқалмады. Температурам да көтерілген жоқ, – деді министр.
Сондай-ақ, ол отандық ғалымдардың ғылыми зерттеулері шетелде де қолданылып жүргенін айтты.