Қайтыс болғандардың саны анықталды
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов еліміздегі эпидемиологиялық ахуал туралы ОКҚ-да өткен баспасөз маслихатында айтты.
Оның айтуынша, 25 қыркүйектегі мәлімет бойынша, елімізде коронавирус ауруымен ауырған азаматтардың саны 107 590-ға жеткен. Оның ішінде 95,1 пайызы немесе 102 360 науқас жазылып шықты. Бүгінде 3 515 адам ем қабылдауда. Ең өкініштісі, 1 715 азамат осы дерттен қайтыс болды.
Сондай-ақ, коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 31 991 жағдайы тіркеліп, оның 26 914-і емделіп шықты. Қайтыс болғандардың саны – 347.