Атыраулықтар марапатталды
«Қазақстан халқы Ассамблеясына – 25 жыл» мерекелік медалімен бір топ атыраулық марапатталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Салтанатты рәсім кезінде облыс әкімі Махамбет Досмұхамедов, осыдан 25 жыл бұрын этносаралық қатынастарды үйлесімді ету институты – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғанын және оның жоғары тұрған ұйым ретінде танылып, конституциялық мәртебеге ие болғанын атап өтті.
Әкім ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес Атырау облысының бір топ азаматтарына «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 25 жыл» мерекелік медалін табыстады. Наградталғандар арасында қоғамдық ұйымдар, партиялар, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері бар. Махамбет Досмұхамбетовтің төсіне де мерекелік медаль тағылды.