Атырау облысында ПТР тесттен 233 319 адам өткен
Бұл туралы Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен коронавирустың екінші толқынына дайындықты пысықтауға қатысты өткен селекторлық кеңесте Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Асылбек Шаров айтты.
– Облыс көлемінде COVID-19 инфекциясына анықтауға қатысты 233 319 ПТР тест жасалған, нәтижесінде 11 023 жағдай расталып отыр. Біздің өңір тест өткізу бойынша елімізде көшбасшылардың бірі. Сондықтан статистикаға сүйенер болсақ, облыстың әрбір үшінші тұрғыны тест тапсырған деуге болады. Бірақ, жұмыс барысымен біздің өңірде жүрген өзге өңір азаматтары да бар. Алайда олар біздің облыстың статистикасына енді.
Бүгінгі таңда аумақтағы ПТР әдісімен COVID-19 тестілеуді өткізуді жүзеге асыратын зертханалар қорында 161 682 тест сынамасы бар және 126 700 тест сынамасын алу жоспарланып отыр, – деді Асылбек Шаров.