Атыраудағы ахуал тұрақты
Облыста өткен тәулікте коронавирус індеті ПТР арқылы 6 адамнан анықталып, 4 адам аурудан айығып шықты.
Аймақта коронавируспен ауырғандардың жалпы саны 10 981 болса, жазылып шыққандар – 10 378. Ал көз жұмғандар 59-ға жетті.
Және ел бойынша өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 353 жағдайы және 1 өлім тіркелді. Оған қоса, 37 адам емделіп шықты.
1 тамыздан бастап пневмониямен ауырғандар саны 28 928-ге жетті. Тіркелген өлім саны – 318. Ал жазылып шыққандар – 6 642.