Өндіріс жұмыстарын тоқтатпау керек – облыс әкімі
Биылғы қыркүйекке дейінгі сегіз айдың көрсеткіші бойынша Атырау облысындағы өнеркәсiп өнiмiнің көлемi – 3,38 триллион теңге. Бұл туралы Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың төрағалығымен өткен мәжілісте айтылды.
Жиында Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан өндіріс тоқтамауы керектігін баса айтты.
– Бүгінгі таңда короновирус инфекциясын жұқтыру қаупі тұрғындар арасында сиреді. Мұның бәрі санитариялық талаптарды қатаң сақтаумен тікелей байланысты болып отыр. Ендігі кезекте біздің алға қойған мақсатымыз – жұмысшылардың еңбегінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, экологияны қорғау, экономикалық өсу бағытында бірлесіп қызмет ету, – деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.