Табиғатты қорғау заңын бұзушылардан 11,5 млн. теңге айыппұл өндірілді
Атырау облысында кәсіптік балық аулайтын 3 су қоймасы орналасқан. Олар: Орал, Қиғаш өзендері мен Каспий теңізінің Қазақстандағы бөлігі. 2020 жылдың 8 айында Атырау облыстық инспекциясы қызметкерлері 752 тұлғаға қатысты 1 301 табиғатты қорғау заңын бұзу фактісін тіркеп, оларға жалпы құны 14,9 млн. теңге айыппұл салған. Оның 11,5 млн. теңгесі өндіріліп, құқық бұзушылардан 11,1 тонна частик тұқымдас балық, 9 кг бекіре, 1 484 балық аулау құралы тәркіленді.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, ІІМ және Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесе өткізген 2020 жылдың 1 сәуірі мен 31 мамыр аралығындағы «Бекіре – 2020» балықты қорғау акциясы аясында 1 129 табиғатты қорғау заңын бұзу фактісі тіркелді. Оның 883-і Атырау облысына тиесілі. Балық қорғау саласы, полиция және шекара қызметшілері заңсыз айналымнан 13,9 тонна балық тәркілеген.