Армян көліктерін қанша ақшамен тіркейді?
Ішкі істер министрлігі Армениядан Қазақстанға әкелінген автомобильдерді тіркеуге 12 мыңға жуық қаржы жеткілікті екенін айтты. Бұл туралы baq.kz хабарлады.
– Көлікті тіркеу үшін 12 мыңға жетпейтін қаржы жеткілікті. Оған тіркеу жарнасы, тіркеу туралы куәлік (техпаспорт) пен мемлекеттік тіркеу нөмір белгісі (МТНБ) үшін төленетін мемлекеттік баж кіреді. Армениядан әкелінген автокөлікті тіркеу үшін автокөлік иесі жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ, Арменияның уәкілетті органы берген көлікті тіркеу туралы куәлік пен автокөліктің мемлекеттік нөмірін ұсынуы тиіс, – деді ҚР ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов баспасөз мәжілісінда.
Көлікті тіркеу кезінде жасалатын төлемдер:
• тіркеу жарнасы – 695 теңге;
• техникалық төлқұжат үшін мемлекеттік баж – 3 473 теңге;
• мемлекеттік нөмір үшін баж – 7 778 теңге.