Салық департаментінде – жаңа басшы
Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып Серік Айсин тағайындалды.
Ол 1972 жылы Целиноградта дүниеге келген. 1995 жылы Қостанай ауылшаруашылық институтын «инженер-менеджер-экономист», 1999 жылы Академиялық құқық институтын заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1995 жылы салық органдарында бастаған. Алматы облысы бойынша Салық комитетінде, одан кейін ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің орталық аппаратында түрлі қызметтер атқарды. Осы тағайындауға дейін – ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры болды.