Жалған ақпарат таратушылар жазаланады
Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы мессенджерлерде тараған балаларға қатысты жұқпалы ауру туралы ақпараттың жалғандығын хабарлады.
— Атырау қаласы тікұшақпен уланады, осы арқылы балалар ауырады, — деген форматта мессенджерлерде тарап жатқан ақпаратты Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров жоққа шығарды.
— Атыраудың провизорлық стационарларына балалар керуетін əкелу арқылы, əдейі ауру таратылып жатыр, — деген мазмұнда әйел адам таратып жатқан ақпарат шындыққа сəйкес келмейді. Мұндай жалған ақпарат таратушылар ҚР қолданыстағы заңнамасына сəйкес қылмыстық жауапқа тартылатындығын ескертеміз, — делінген баспасөз хабарламасында.