Темекі шегуге тыйым көбейді
Қазақстанда темекі өнімдерін шегуге тыйым салынған орындар тізімі кеңейтілді. Енді темекі шегуге болмайтын қоғамдық орындар қатарына балалар алаңы мен автобус аялдамасы қосылды.
Сондай-ақ, қоғамдық орын деп танылған жерлерде қорқор, электронды темекі және өзге де темекі өнімдерін тартуға болмайды. Тіпті кафе, терасса және көшеде де қорқор тартуға тыйым салынуда. Мұндай жерлерде тәртіп бұзған азаматтарға салынатын айыппұл көлемі 42 000 теңгеге дейін көтерілді.
— Бұл қорқор өнімдерін тек өз үйінде пайдалануға болады деген сөз, — дейді алкоголь және темекі өнімдерін сату қауымдастығының атқарушы директоры Темірлан Жақыпбеков.