Тегін анализ тапсыруға болады
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі емделушілердің қандай жағдайда коронавирус инфекциясына анализді тегін тапсыра алатынын хабарлады.
Біріншіден, жоспарлы ем алатын науқас тәулік бойы ем қабылдайтын жағдайда;
Екіншіден, квота арқылы ем қабылдар алдында;
Үшіншіден, короновирус симптомдары бар науқастар міндетті түрде COVID-19 инфекциясына тегін анализ тапсырады.
Емханаларда күндізгі стационарда ем қабылдаушыларға коронавирус инфекциясына анализ тапсыру міндетті емес.
Анализ қорытындысының мерзімі 5 күнге жарамды.