Коронавирустан науқастардың 72 пайызы сауықты
Қазіргі уақытта Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың 72 пайызы емделіп шықты. Яғни, КВИ сырқатымен тіркелген 10 383 науқастың бүгінде 7 458-і құлан таза сауығып шыққан. Бұл туралы Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
— Бірақ бұл нәтижеге босаңсуға болмайды. Екінші толқынға дайындықты күшейтуіміз керек. Дәрі-дәрмек, басқа да ұйымдастыру шараларын қабылдауымыз қажет.
Онымен бірге ауруханалардағы жоспарлы емдеуді үш-төрт күнде бастаймыз. Тек қана коронавирус емес, басқа да есепте тұратын науқастар күнделікті емін алуы тиіс, — деді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.