Қырық жүкті әйел коронавирус құрбаны болды

Елімізде коронавирус жұқтырған 40-қа жуық жүкті әйел қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ОКҚ-де өткен брифингте мәлімдеді.
— Бізде коронавирустан қайтыс болған нәрестелер туралы мәлімет болмаса да, екіқабат әйелдердің өлімі туралы статистика бар. Осыған дейін 40 жүкті әйел қайтыс болды, — деді Ажар Ғиният.
Сонымен қатар, ол пневоманиямен 1 мың бала ауырғанын айтты.
— Бүгінде елімізде COVID-19 індетін 73 468 адам жұқтырған. Оның 61,8 пайызы емделіп шықты. Пневмониямен ауруханада жатқандардың саны 8 мыңға жуық. Осы 8 мың науқастың ішінде мамыр айынан бастап мыңнан астам бала ауырды. Қазір жүзден астам бала емханада емделіп жатыр. Балалар коронавирус инфекциясының өте жеңіл түрін бастан өткеруде. Балалар арасында осы инфекциядан ешқандай өлім-жітім тіркелген жоқ, — деді вице-министр.