Жүзден аса дәрігер жеткізілмек
Атырауға 100-ден астам дәрігер маман келеді. Бұл туралы онлайн брифингте Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
— Ел бойынша осы салаға мыңнан астам кадр керек. Қазіргі жағдайда бізге сырттан ешкім кадр әкеліп бермейді. Ішкі ресустарды мейлінше тиімді пайдалануымыз керек. Бүгінде Атырау облысының 122 жасы интернатурада оқып жатыр. Оларды дайын маман десек те болады. Қазіргі уақытта жас мамандарды жергілікті жерлерге жіберу бойынша жұмыстар атқарылуда. Оның үстіне, интернатурада оқып жас мамандардың үй-жайының Атырауда болуы қазір біз үшін маңызды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігіне тапсырма берілді, — деп нақтылады Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.