Атырауда бесінші қабаттан сәби құлап кетті
Бүгін кешкі сағат 19:40 шамасында Атырау қаласындағы 5 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатынан сәби құлап кетті. Бұл туралы Атырау облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент хабарлады.
Береке ықшамауданында орналасқан тұрғын үйдің терезесінен белгісіз жағдайда құлап кеткен бала 2018 жылы туған. Қазір ол жабық бас сүйек-ми жарақаты диагнозымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Осыған байланысты ТЖД балаларды қараусыз тастамауды, көпқабатты үйлердің терезелерін ашық қалдырмауды және шыбын-шіркейге арналған жұқа тор балалардың құлап кетпеуіне кепілдік болмайтынын қатаң ескертеді.