Миялы мен Мұқыр карантинге жабылды
Миялы ауылы аумағындағы спорадиялық жағдайлардың тіркелуі мен аурушаңдықтың өсу деңгейін ескере отырып, коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында 10 маусым сағат 00:00-ден 24 маусым күнгі сағат 7:00-ге дейін Миялы ауылына карантиндік режим және Мұқыр ауылына шектеу шаралары жарияланды.
Бұл туралы Қызылқоға ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Алтынгүл Бөкенбайқызы 9 маусымда жариялаған қаулысында хабарлады.
Осыған байланысты Миялы ауылына адамдар мен автокөліктердің кіріп-шығуына тыйым салынды. Азық-түлікке жатпайтын сауда нүктелерінің қызметін тоқтату, мейрамхана, кафе, асхана жұмсын «тапсырыс берушіге» жеткізу қағидасы бойынша жүзеге асыру белгіленді.
Ауылдық округ пен ауыл тұрғындарына :
Сағат 06:00-ден 21:00-ге аралығында әлеуметтік ара қашықтықты 1,5-2 метрге дейін сақтап, міндетті түрде маска тағу арқылы азаматтардың жұмыс орнына баруына, жақын жерде орналасқан азық-түлік, дәрі-дәрмек, бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алуға рұқсат берілді.
Өңірге қажетті тамақ өнімдері мен материалдарды, өнеркәсіп тауарларын, құрылыс, медицина жабдықтарын жеткізуге рұқсат құжаттары бар көлік құралдары ғана кіріп-шыға алады.