216 мыңнан аса адамға 42 500 теңге тағайындалды
216 мыңнан астам адамға төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты төлемдер тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау үшін 1 688 131 азаматтан барлығы 2 755 866 өтініш келіп түсті.
Осылайша, 1 067 735 қайталанатын өтінім тіркелді. Өтініштерді қарау мерзімдерінің ұлғаюына жол бермеу мақсатында азаматтар өтінішті бір рет беруі тиіс.
Деректерді тексеру және өтінішті қарау мерзімі 3 жұмыс күнін құрайды.
Министрліктің айтуынша, мемлекеттік сақтандыру қоры төлем жасау туралы шешім қабылданғаннан кейін өтініш берушіге SMS-хабарлама келеді.
Кейіннен өтініш берушінің деректері «Азаматтарға арналған үкіметке» жіберіледі, ол оны екінші деңгейдегі банктерге төлем жүргізу үшін жібереді.