Аймақ - 15.12.2023

Қосшағылда – жаңа әкім

Жылыой ауданына қарасты Қосшағыл ауылдық округінде әкім сайлауы өтті. Сайлау қорытындысы бойынша Қосшағыл ауылдық округінің әкімі болып Еркінов Жанғазы Берікұлы сайланды, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.

Дауыс беруге Қосшағыл ауылдық округінің 2504 сайлаушысының 1282-і қатысты. Ал ауылдық округ басшысы лауазымына 3 үміткер бақтарын сынап көрді. Нәтижесінде, Жанғазы Еркінов жеңіске жетті.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша Еркінов Жанғазы Берікұлы 1997 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.

2018 жылы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген.

2018-2020 жылдары Қосшағыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып қызмет жасады.

2020 жылдың қыркүйек айынан бастап күні бүгінге дейін Құлсары қаласы әкімі аппаратының бас маманы лауазымын атқарып келді.

Айта кету керек өткен сайлауға