Аймақ - 15.12.2023

Биыл №377 бекетке газ тартылады

Мақат ауданы әкімінің орынбасары Бекәділ Жайкин Бәйгетөбе ауылдық округіне қарасты №377 бекет тұрғындарымен кездесіп, тұрғындарға газ тарту жұмыстарының барысы туралы түсінік берді, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.

Кездесу барысында Бекәділ Орынбасарұлы осы жылдың қазан айында басталған газ желісін тарту жұмыстарының аяқталып, қазіргі уақытта көгілдір отынды тұрғындарға пайдалануға беру үшін құжаттар рәсімделуде екендігін айтты.

Газ тарту жұмыстары аясында 2 шақырым газ желісі тартылып, газбен жылытылатын газ стансасы мен газ реттегіш пункті орнатылған болатын.

Жалпы, бекет тұрғындарына газ беру ағымдағы жылдың желтоқсан айына жоспарланған.