Мәдениет - 15.12.2023

Жылыой ауданында «Жастар премиясы–2023» сыйлығы табысталды

Жылыой ауданында үздік жастарға «Жастар премиясы–2023» сыйлығы табысталды, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде арнайы комиссия құрамы жеңімпаздарды анықтап, шарада салтанатты түрде марапаттағаны айтылады. Бұл шара жастарды отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу және де елдің қоғамдық-саяси, мәдени, экономикалық өмiрiне деген белсендiлiгiн арттыру, дарынды жастарға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылып келеді.

Әр салада жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, сыйлыққа ұсынылған азаматтар 14-35 жас аралығындағы жастардан іріктеліп алынды.

«Үздік жас мұғалім» номинациясы Мөлдір Есеналиеваға, «Үздік жас тәрбиеші» номинациясы Мариям Базароваға, «Үздік жас дәрігер» номинациясы Арайлым Аманқосоваға, «Үздік жас ішкі істер қызметкері» номинациясы Бауыржан Тасекеновқа және «Үздік жас мемлекеттік қызметкер» номинациясы Ербол Шымырбайға табысталды. Ал «Үздік жас кәсіпкер» номинациясы Жұлдыз Жандосқызына, «Үздік жас төтенше жағдай қызметкері» номинациясы Әділ Серіковке, «Үздік жас спортшы» номинациясы Мейрам Аманұлына, «Үздік жас өнертапқыш» номинациясы Қуаныш Шалабаевқа, «Үздік жас еріктілер ұйымы» номинациясы «Жылыой жүрек жылуы» қайырымдылық қорына, «Үздік студент» номинациясы Перизат Серікқызына, «Үздік жас өнерпаз» номинациясы Инабат Ержанқызы, «Үздік жас шығармашылық ұйым» номинациясы Шолпан оқу орталығының «Жарқын» ансамбліне, «Үздік оқушы» номинациясы Мадина Каримоваға және «Жыл жаңалығы» номинациясы Бағдат Жалғасұлына берілді.

Үздік жастарға арнайы диплом мен сертификат табысталды. Салтанатты шара аудан өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.