Мәдениет - 14.12.2023

«Қайсар Халел» атты пьеса сахналанды

Миялы селосында ҚР Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Құрметті профессоры, ақын, өлкетанушы Төлеген Жаңабайұлының «Қайсар Халел» атты пьесасы сахналанды, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.

Ауданның білім және мәдени қызметкерлерінің сомдауымен сахналанған пьесаса ұлтымыздың ұлы тұлғасы, күнбатыс алашорда қозғалысының батыс бөлімшесі жетекшілерінің бірі, мемлекет және қоғам қайраткері, бірегей ғалым, профессор Халел Досмұхамедовтің өмірі мен қызметтік жылдары туралы болды.

Өлкетанушы ретінде алғашқылардың бірі болып Халел Досмұхамедов және басқа да Батыс Қазақстандағы, оның ішінде Атырау өңірінен шыққан көрнекті мемлекет және саяси қайраткерлер, ұлтымыздың зиялы қауымы туралы қалам тартып жүрген ғалым шығармасының қоюшы режиссері – Жанар Айдарбаева.

Сол кездегі егемендікті аңсаған қазақтың үкілі үмітін театр әртістері толықтай көрсете білді. Аталған қойылым көрерменнің көңілінен шығып, ерекше әсер қалдырды.

Премьераға Алматы, Ақтөбе, Атырау қалаларынан келген қонақтар, зиялы қауым өкілдері, аудан тұрғындары қатысты.