Жұмысқа орналастырамын алдап соққан
Құрманғазы ауданының полицейлері тұрғындарды жұмысқа орналастырып беремін деп алдаған азаматты тұтқындады, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.
Атырау облысы ПД Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің криминалдық және тергеу бөлімшесінің қызметкерлері бірлескен жедел іздестіру іс шарасы кезінде алаяқтық жолмен жұмысқа орналастырып беремін деп адамдарды алдаған 1988 жылы туған Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстады.
Күдікті өзінің құрбандарына ұялы телефон арқылы қоңырау шалып, Атырау және Құлсары қаласындағы мұнай кен орындарына жұмысқа орналастырып беремін деп сендіріп, олардан алдын ала 200 000–400 000 теңге көлемінде ақша алып отырған. Оның басқалармен ұялы телефон арқылы сөйлесу кезінде бір реттік абоненттік сим-карталарды пайдаланып, кейін байланысқа шықпағаны анықталды.
Қазіргі уақытта Құрманғазы аудандық полиция бөлімі күдіктінің ҚР ҚК 190-бабы – «Алаяқтық» дерегімен қозғалған 4 қылмыстық іске қатысты екенін анықтап, қылмыстық істерді сотқа жолдады.