Атырауда жоғалған бойжеткен аман-есен табылды

Атыраулық құтқарушылар 14 қараша күні жоғалған бойжеткенді бүгін таңертең аман-есен тапты, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.

Айта кетейік, 2003 ж.т. азаматша Қ.А 2023 жылғы 14 қарашада сағат 21:50де үйінен белгісіз бағытқа шығып, осы уақытқа дейін оралмаған болатын.

Жоғалған бойжеткеннің туыстары 16 қарашада Атырау облысы ТЖД-дан іздестіру жұмыстарын жүргізуге көмек сұрап, өтініш берді. Өтініш түскен бойда, құтқарушылар іздестіру-құтқару жұмыстарына дереу кірісті.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары 2 күн бойы жоғалған бойжеткенді Жайық өзені жағалауынан, далалық жерлерден кинология қызметінің көмегімен іздестірді.

Іздестіру-құтқару жұмыстары нәтижелі аяқталып, бүгін, 17 қараша күні сағат 10:20 да Атырау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Жұмыскер ықшамауданында орналасқан қараусыз тұрған сарайдан жоғалған бойжеткенді аман-есен тауып, полицейлерге тапсырды.

Қазіргі уақытта жоғалу себебі анықталуда.