Атырауда 1000-ға жуық психотропты дәрі сақтаған күдікті ұсталды

Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Көктем ықшамауданына есірткі заттарын және дәрігердің тағайындауынсыз әсері ауыр дәрілік препараттарды заңсыз сақтады деген күдікпен 1979 жылы туған қала тұрғынын анықтаған. Бұл туралы БАТЫС.ИНФО хабарлайды.

Мекен-жай бойынша тексеру кезінде 996 дана түрлі әсері жоғары психотропты дәрілер, сондай-ақ, 29 дана бекіре тұқымдас балықтар мен еш жерде тіркелмеген атыс қаруы және полителен пакетке салынған өткір иісі бар өсімдік тәркіленді.

Сот сараптамасы бойынша алынған заттар кептірілген марихуана екені белгілі болды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.