«ҚТЖ» ҰК»: 10 айда 210 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
«ҚТЖ» ҰК» АҚ желісіне осы жылдың қаңтар-қазан айларында жүк тиеу өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 2,1 млн тоннаға өсіп, 213,8 млн тоннаны құрады. Бұл туралы БАТЫС.ИНФО хабарлайды.
Республика бойынша теміржол көлігімен 138 млн тоннадан астамы тасымалданды. Экспорт 7,1%-ке, 75,7 млн тоннаға дейін өсті.
Есепті кезеңде 87,3 млн тоннадан астам тас көмір тиелді. Оның ішінде республика ішінде – 61,2 млн тонна.
Астық 9,5 млн тонна тасымалданды, бұл өткен жылдан 1,2% жоғары, оның ішінде экспортқа – 7,7 млн тоннасы жөнелтілді. Ұнтақ өнімдерінің 2,5 млн тоннасы тиелсе (+6,4%), оның ішінде экспортқа – 1,9 млн тонна (+9,5%).
10 айда химиялық тыңайтқыштарды тиеу 5% (3,4 млн тоннаға дейін), темір рудасын 5,6% (17,3 млн тоннаға дейін), құрылыс жүктерін 6% (14,4 млн тоннаға дейін) жақсарды. Республика бойынша құрылыс жүктерін тиеу 10 есеге артты.
Қазан айында тиеу 23 миллион тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6% көп. Тас көмірдің тиелген көлемі 9,7 млн тонна (+5%). Оның ішінде республикалық қатынаста – 6,8 млн тонна, өсім 4%. құрады. Экспортқа 2,8 млн тонна қатты отын жөнелтілді (+8%). Биылғы астықты тиеу 900 мың тоннадан асты. Оның ішінде экспортқа – 670 мың тоннадан астамы. Ұнтақ өнімдерін тасымалдау 8% артып, 338 мың тоннаға дейін жетті. Оның ішінде республика бойынша 70%, 112 мың тоннаға дейін өсті.
Өткен айда темір жол арқылы жөнелту өсімі қара металдарды 4% (385 мың тоннаға дейін), темір кенін 30% (2 млн тоннаға дейін), түсті кенді 9% (2 млн тоннаға дейін), құрылыс жүктерін 25% (1,7 млн тоннаға дейін) деңгейінде сақталды.
Осы жылдың 10 айында пайдалану жүк айналымы 7,2% өсіп, 224,2 млрд т-км неттоны құрады.
Сонымен қатар, қазан айында теміржол жұмысының аса маңызды көрсеткіші болатын вагон айналымы (жылдамдығы) 2022 жылғы қазанға қарағанда 23,6% және ағымдағы жылғы қыркүйектегі көрсеткішке 4,5% жақсарды. Іс жүзінде ол 6,4 тәулікті құрады. Вагон айналымы – жүк тиеле басталғаннан келесі жүк тиелгенге дейінгі орташа уақыт. Бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, соғұрлым аз вагон паркімен жүктің берілген көлемін орындауға болады.
Сондай-ақ, қазан айында жүк вагонының өнімділігі өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 23,6% және өткен айға қарағанда 7,3% өсті. Бір жұмыс паркі вагонының өнімділігі 8572 т-км нетто болды.