Жаңалықтар - 26.10.2023

«Болашақ» ықшамауданын газбен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде

Құлсары қаласының «Болашақ» ықшам ауданында газбен жабдықтау жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Газбен жабдықтау жұмыстарын жүргізіп отырған — «Алия Сервис» ЖШС. Техникалық қадағалаушы — «Тұран Құрылыс» ЖШС.

— Құрылыс жұмыстары қыркүйек айында басталды. Жоба бойынша жұмыс мерзімі — 7 ай. Оның аясында 78 шақырым газ құбырлары жүргізілу қажет болса, қазір оның 25 шақырымы жүргізілді. Бұл жұмыстардан кейін 2071 үй газбен қамтамасыз етіледі,-деді Жылыой аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Қазбек Ағыраев.

Айта кетейік, бұдан бұрын аталған ықшам ауданнан 1500-ден астам тұрғынға жер телімі берілген болатын.

 

Дереккөз: БАТЫС.ИНФО