Жаңалықтар - 23.10.2023

Жылыойлық полицейлер 5 қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарды

20 қазан күні, сағат 15:55 шамасында 102 арнасына Жылыой ауданы №2 шағын ауданының 1985 ж.т. тұрғыны күйеуінің 5 қабаттан секіргелі тұрғанын хабарлаған, деп мәлімдейді Атырау ПД баспасөз қызметі.

Аталған хабарлама бойынша учаскелік полиция инспекторлары, полиция лейтенанты Алтай Дүйсенғалиұлы, Нұрасыл Муканов, Бауыржан Тасекенов және полиция капитаны Әділет Рахымұлы мекен-жайға уақтылы жетіп, алдымен азаматшамен сөйлесіп, терезеден секірмекші болған күйеуін үй ішіне тартып, құтқарып қалған. Тәртіп сақшыларының жедел әрекет етуі арқасында азамат аман қалды.

Мәселенің мән-жайын анықтау кезінде әйел күйеуінің мас күйде келіп, мазасын алып, соңында 5 қабаттың терезесіне шығып, қорқыту мақсатында өз-өзіне қол салмақшы болғанын жеткізген.

Дәрігерлік сараптамадан өткізген кезде 5 қабаттан секірмек болған 1983 ж.т. азаматтың жеңіл дәрежелі мас екендігі анықталды.

 

Дереккөз: БАТЫС.ИНФО

Фото newsru.com сайтынан алынды.