Д.Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі Сарыарқа төрінде өнер көрсетті

Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі Сарыарқа төсіндегі сайыпқыран ағайынға айшықты шығармаларын ұсынды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайтаткері Рахила Ерғалиева мен дирижер Болат Долдашовтың сүйемелдеуімен белгілі күйші-композиторлардың туындылары шебер орындалды.

«Жастар» сарайына жиналған кеш тыңдармандарын дирижер, Атырау облысының Құрметті азаматы, өнертану профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айтқали Жайымовтың ғажайып туындылары тәнті етті.

Еске сала кетейік, Айтқали Жайымов – «Парасат» орденінің иегері. Қазақ дирижері, композитор, музыкалық педагог, профессор. АҚШ, Жапония, Италия, Германия, Австрия, Франция, Норвегия, Куба, Чехословакия, Қытай, Түркия, Ресей сияқты елдерде концерттер өткізген майталман.

Іс-шараны қорытындылаған Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Әділханұлы ұжымға жылы лебізін білдіріп, алғыс хат табыстады.