Спорт - 04.10.2023

Азиада-2023: Шынбергенов шын жеңілді ме?

Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында бокстан әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов жартылай финалда сүрінді, деп хабарлайды «Батыс-Инфо»

Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны А.Шымбергенов 71 келіге дейін салмақта 2021 жылғы әлем чемпионы, жапониялық Севон Окадзавамен қолғап түйістірді.

Ширек финалда өзбекстандық әлем чемпионы Асадхуджа Муйдинхуджаевтан төрешілер шешімімен алғашқы екі раундта жеңіліп жатып, ақыры нокаутқа жіберген Асланбекке барша қазақ елі осы Азия ойындарында үлкен үміт артқаны анық.

С.Окадзава – өте жылдам қимылдайтын, қашып жүріп, ұпай алуға тырысатын боксшы. Соған қарамастан, бірінші раундта бес төрешінің үшеуі Асланбек басым деп тапты. Екінші кезеңде де солай болды. Алайда төрешілер жекпе-жек қорытындысында жеңісті жапониялық боксшыға беріп жіберді – 2:3.

Шынбергенов шынымен ұтылды ма? Төрешілер солай дегенімен, жанкүйерлер жапондықтың жеңісі әділ емес деген пікірде.

 

Фото olympic.kz сайтынан алынды.